Ақтөбе облысында түлкі 4 жасар баланың бетін тістеп алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.
4 шілдеде түлкі тістеп алған 4 жасар бала Қобды аудандық ауруханасына шұғыл жеткізілді. Оның маңдайында, мұрнында жаралар, аяқтарда сызаттар бар. Оқиға Жарық ауылындағы өзен жағасында, бала әкесі мен анасының жанында болған.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің мәліметінше, түлкі өлтірілді.
"Баланың жағдайы қанағаттанарлық. Жаралар емделіп, тігілді, бала құтырмаға қарсы екпе алды", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері.
Ветеринария бөлімі түлкінің құтыру ауруына тексерілгенін айтты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!