Ақтөбе облысында тойдан кейін қонақтардың бірі қаза тапқан

Ақтөбе облысында тойдан кейін қонақтардың бірі қаза тапқан
Фото: Tengrinews.kz

Ақтөбе облысында 26 жастағы жігіт қаза тапты. Оқиға Шалқарда болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, 8 тамызда аудан орталығында той болған. Тойдан кейін төбелес шығып, салдарынан қонақтардың бірі қаза тапқан. Марқұмның жасы 26-да болған.

Ақтөбе облысы Полиция департаменті бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр. Бұл іс Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында", - деп жазылған хабарламада.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget