Ақтөбе облысының үш ауданында су тасқынына байланысты жергілікті деңгейде төтенше жағдай жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Облыстағы Мұғалжар және Қобда, Темір аудандарында төтенше жағдай жарияланды.
Мұғалжар ауданында төтенше жағдайды жою шаралары жүргізіліп жатыр. Қобда ауданында су тасқынынан келген шығынды комиссия анықтайды. Қазіргі уақытта су басқан үйлер туралы мәліметтер тіркелген. Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Ал Темір ауданының әкімі Саламат Аманбаев тұрғындарды сабырлы болуға, үрейге бой болдырмауға, бұл кезеңнен ауызбіршілікпен шығуға шақырды.
Ақтөбе облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрғали Жүнісов су тасқыны ахуалы туралы айтып берді.
Оның сөзінше, өзен жағалауларын мұздан белсенді тазарту нәтижесінде Сазды өзеніндегі су деңгейі қалыпты деңгейге дейін төмендеген.
"Өзен арнасынан асқан су тоқтады", - деді ол.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз