Жолға асфальт 22 мамырда төселген, ал 25 мамырда ол опырылып қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Диапазонға" сілтеме жасап.
"Жолда жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, 22 мамырда асфальт төселді. Бір-екі көлік өтіп, бәрі қирап қалды. Бұл қандай сапа? Асфальт тіпті кеуіп үлгермеді. Битум жолдан шығып, бөліктерге бөлінді", - дейді видео авторы.
Ақтөбе облысының әкімдігі жағдайға түсініктеме берді.
"Шұбарқұдық-Ойыл-Қобда-Соль-Илецк облыстық маңызы бар жолдың 125-267 шақырымы арасындағы учаскені жөндеу жұмыстарымен "ЗапКазПромСтрой" ЖШС айналысады. Бұл жолда шұңқыр жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, жұмыс әлі қабылданған жоқ. Мердігер кемшіліктерді өз есебінен түзетеді. Бұл жолда күрделі жөндеу 2019 жылы жүргізілді, сондықтан орташа жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама жасалды. Оның барысында жолға қатты жабынның екі қабаты төселеді", - деп хабарлады ведомстводан.
Тағы да оқи отырыңыздар: Жүкті кезде ащы жеуге бола ма?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз