- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтөбе облысында теміржол...
Ақтөбе облысында теміржол қызметкері рельстердің құрылғыларын ұрлаумен айналысқан
Ақтөбе облысында теміржол қызметкері рельстердің құрылғыларын ұрлаумен айналысқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
2023 жылдың мамыр-қазан айлары аралығында белгісіз тұлға Мұғалжар ауданының Ембі қаласынан 16 шақырымда орналасқан теміржолдан рельс бекіткіш құралдарды ұрлаған. Барлығы 132 дана көлеміндегі құрылғынының ұрлануы салдарынан 39 жастағы жеке кәсіпкерге келтірілген залал сомасы 700 мың теңгеден асты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бұл дерек бойынша 12 қазанда жәбірленуші Ембі қалалық полиция бөліміне арызданды. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен 49 жастағы жергілікті тұрғынды анықтады. Ұрланған заттарды ол металл қабылдау пунктіне тапсырғаны белгілі болды.
Осы дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен (ұрлық) қылмыстық іс қозғалды.
Тергеп-тексеру барысында күдіктінің аудандағы басқа теміржол мекемесінде жұмыс жасайтыны, сондықтан оған теміржол рельстерінен ұрлықтан қорғауға арналған механикалық құрылғыларды арнайы кілттермен шешіп алу қиындық тудырмағаны анықталды. Заттай айғақтар алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина