Ақтөбе облысы Қарғалы ауданында жантүршігерлік жол апаты болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алдын ала мәліметке сәйкес Ақтөбе-Орск тасжолында Opel маркалы жеңіл көліктің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, DAF маркалы жүк көлігімен соқтығысқан.
"Жол апаты салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Қазір оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр", - деді Ақтөбе облысы ПД өкілі.
Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды жол ережелерін қатаң сақтауға шақырды.
Еске салайық, бұған дейін Ақтөбе-Астрахань тасжолында 10 көлік жол апатына ұшырағаны хабарланды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!