Ақтөбе облысында тағы бір бала еріген суға батып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қайғылы оқиға 2 сәуірде Әйтеке би ауданы Белқопа ауылында болды. 10 жастағы бала көшеде достарымен ойнап жүріп, тайып кетіп, еріген суға құлаған. Ол терең болып шығып, бала шыға алмай қалған. Баланы судан шығарған кезде оның көз жұмғаны белгілі болған.
"Бала жас отбасының үлкен ұлы еді. Ерлі-зайыптының тағы екі қызы бар. Анасы - мұғалім, әкесі - күзетші", - деді ауылдық округ әкімдігі өкілдері.
Бұған дейін Байғанин ауданында да осындай жағдай болған. Ебейті ауылында 4 жасар бала қаза тапты.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз