Ақтөбе облысында аграрлық-өнеркәсіптік кешенді субсидиялауға бөлінген 1 млрд теңге жымқырылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Сыбаға" мемлекеттік бағдарламасы аясында "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ Ақтөбе филиалынан несие алу кезіндегі алаяқтық фактілерін Қаржылық мониторинг агенттігі анықтады.
Тергеу барысында 4 шаруа қожалығының өкілдері жалған құжаттарды пайдалана отырып, асыл тұқымды ірі-қара мал сатып алуға бөлінген мемлекеттік субсидиялар мен кредиттік қаражатты қолды қылған үш азамат анықталды.
Құқыққа қайшы әрекеттермен мемлекетке жалпы сомасы 1 млрд теңгеге жуық ірі мөлшерде залал келтірілді. Сотқа дейінгі тергеу барысында залал өтелді.
Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы аса ірі мөлшердегі алаяқтық үшін сот үкімімен үш адам 5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сотталушылардың жылжымалы және жылжымайтын мүліктері мемлекет пайдасына тәркіленді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!