- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтөбе облысында су...
Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккендерге жаңа үйлер жеребе арқылы берілген
Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккендерге жаңа үйлер жеребе арқылы берілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Облыстық әкімдік мәліметінше, Қобда ауданында 147 үй салынып жатыр. Оның 17-сі - Жарық ауылында. Күні кеше бұл баспаналар жеребе тарту арқылы тұрғындар арасында бөлінді.
Аудан әкімдігі жеребе тарту рәсімінің ашық әрі әділ өткенін атап өтіп, барлық қатысушылардың мұқият қарастырылғанын айтып отыр. Зардап шеккен тұрғындар жеребе нәтижелеріне қанағаттанғандарын, өздерінің жаңа баспаналарын күтіп жүргенін алға тартты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Биылғы көктемде өңірдегі 6 аудан және Ақтөбеде су тасқыны орын алып, көптегентұрғын үй мен инфрақұрылымға зақым келді. Осы жағдайдан зардап шеккен тұрғындарға Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, көмек көрсету мақсатында бірқатар шара қолға алды.
Олардың ішінде зардап шеккендерге қаржылай көмек көрсету, тұрғын үйлерді қалпына келтіру, қажетті азық-түлік пен киім-кешекпен қамтамасыз ету жұмыстары бар. Сонымен қатар, тұрғындарға баспанамен қамту және оларды жаңадан салынған үйлерге көшіру шаралары да жүзеге асырылып жатыр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина