- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтөбе облысында су...
Ақтөбе облысында су қоймасы жарылуына байланысты тұрғындар көшіріліп жатыр
Ақтөбе облысы Бесқоспа ауылынан 200 адам қауіпсіз жерге көшірілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мағажан су қоймасы бөгеті бұзылуына, бөгетті жағалай орналасқан елді мекендерді су басу қаупі болуына байланысты Бесқоспа ауылының тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр.
Қазір ауыл тұрғындары Ұлттық ұланға қарасты Ми-171Е тікұшағына отырғызылып, Бесқоспа ауылынан Бестамаққа жеткізіліп жатыр. Азаматтар Бестамақ ауылындағы мәдениет үйіне автобустармен де тасымалданып жатыр. Сағат 13:30-дағы ақпаратқа сүйенсек, автобус 6 рет жасаған. Нәтижесінде 200 ересек адам жеткізілген.
"Эвакуация кезінде тұрғындардан құтқарушылар, жергілікті атқарушы органдар тарапынан айтылатын хабарландыру, ескертулерге құлақ асып, қажет құжаттарыңызды алып, үйлеріңізді босатуларыңызды сұраймыз", - деп жазылған облыстық әкімдік мәліметінде.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова