ҚМА Ақтөбе облысы бойынша департаменті Хромтау ауданындағы Мағажан су бөгеті жарылуына байланысты немқұрайлық дерегі бойынша тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Агенттік мәліметінше, бөгет жарылуына жергілікті атқарушы орган қызметкерінің қызметтік міндетін тиісінше орындамауы себеп болған.
"Әкімдік қызметкері гидротехникалық құрылыстың техникалық жағдайын бақыламаған, тексеріс жүргізбеген және апаттың алдын алуға шаралар қабылдамаған. Салдарынан Алға ауданының елді мекендері мен Ілек және Қарғалы өзендерінің маңындағы бау-бақша ұжымдары су астында қалды. 215 адам, оның ішінде 96 бала қауіпсіз жерге жеткізілді. Келтірілген шығын 211 млн теңгеден асты", - деп жазылған хабарламада.
Сот шенеунікке 1 жыл 6 ай мерзімге бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Еске салайық, 2024 жылы 5 сәуірде Ақтөбе облысының Хромтау ауданында су тасқыны салдарынан бөгет бұзылған болатын.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!