Ақтөбе облысында жол апатынан үш адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
19 қарашада сағат 05:45 шамасында Ақтөбе-Орынбор тасжолының 73-шақырымы Мәртөк ауылының маңында Audi, Lexus және Subaru forester көліктері соқтығысқан.
Салдарынан Lexus және Subaru forester көлігінің жүргізушілері мен Subaru-да отырған жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Lexus жолаушысы Мәртөк ауданының ауруханасына жеткізілді.
ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз