Бүгін Ақтөбе облысында сағат 10.30-да локомотивпен соқтығысу салдарынан "Бішкек-Самара" бағытында жүретін № 317 жолаушылар пойызының тепловозы, № 1 вагоны және № 2 жолаушылар пойыз рельстен шығып кетті. Бұл пойызда 200-ден аса шетелдік болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ТЖМ мәліметінше, оқиға орнына Қазавиақұтқару тікұшағы ұшып шығып, құтқару бөлімшелері жіберілген, ҚТЖ қалпына келтіру поезды жөнелтілген.
"Қолда бар ақпаратқа сәйкес пойызда 200-ден аса адам болған (Қырғызстан, РФ және Қазақстан азаматтары, ҚТЖ қызметкерлері). Оларды ауруханаға жатқызудың қажеті болған жоқ, қазір жолаушылар пойыздың басқа вагондарына орналастырылды", - делінген хабарламада.
ТЖМ және өңірдің ТЖД жедел штабтар құрған. Оқиғаның себебін анықтаумен құзыретті органдар айналысады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!