Ақтөбе облысының полицейлері шопандардан 300-ден астам ақбөкен мүйізі мен қару тәркіледі , – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қосбармақ" қыстауында "Қарасора" операциясы барысында шаруа қожалығын тінту кезінде 5 қапшыққа салынған 320 дана ақбөкен мүйізі табылды. Сондай-ақ тіркелмеген екі аңшы мылтығы тәркіленді.
Күдіктілер мүйіздерді сатып алушыларға сатпақ болған.
Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!