Шетелдіктер Ақтөбе облысында заңсыз жұмыс істеген, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полиция қызметкерлері Темір ауданындағы мұнай-газ кен орындарының бірінде рейдтік іс-шаралар өткізу барысында еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырған шетелдіктерді анықтады. Орнату жұмыстарымен айналысқан Қытай Халық Республикасының бес азаматының жұмыс жасауға рұқсаты болмады.
Сот шешімімен шетелдіктер елден шығарылды. Сондай-ақ шетелдіктер заңсыз жұмыс істеген компанияға 700 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!