• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Ақтөбе облысында шетелдіктер құтқарылды

Фото: Видео кадры

Ақтөбе облысында ТЖМ құтқарушылары 48 адамды эвакуациялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бүгін 112 пультіне Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында Шымкент - Мәскеу маршрутымен бара жатқан автобус сынып, тоқтап қалғаны туралы хабарлама түскен. 

Дереу шақырту орнына жеткен құтқарушылар көлікте Өзбекстан Республикасының 21 азаматы барын анықтаған. Жалпы 48 жолаушы болған.

ТЖМ қызметкерлері барлығын вахталық автобуспен эвакуациялап, жақын жылыту пунктіне жеткізді.

"Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ", - деп жазылған хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget