- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтөбе облысында шекарадан...
Ақтөбе облысында шекарадан заңсыз өтпек болған 4 шетелдік ұсталды
Фото:
gov.kz
Биыл 4 ақпанда ҰҚК Шекара қызметі Ақтөбе облысында Мемлекеттік шекарадан заңсыз өтті деген күдікпен 4 шетелдік ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл адамдар 2023 жылғы қаңтарда Өзбекстаннан заңды негізде Қазақстанға келіп, әрі қарай жұмыс істеу мақсатымен Ресей Федерациясына өтуді жоспарлаған.
Алайда Ресейге кіруге шектеулері болғандықтан, олар тәуліктің қараңғы уақытында жасырынуға арналған костюмдерді киіп, өткізу бекеттерінен тыс жерден шекараны кесіп өтуге әрекеттенген.
Бұл дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек