Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккен 100-ден астам отбасы Болат Өтемұратов атындағы қордың қолдауының арқасында жаңа баспанаға ие болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қобда және Жарық ауылдарында 115 заманауи үй салынды.
Облыс әкімі Асхат Шахаров мемлекет пен меценаттардың бірлескен күш-жігері адамдардың қалыпты өмірге тез оралуына көмектескенін атап өтті.
"Бұл жоба бірлік пен өзара көмектің қаншалықты маңызды екенін көрсетті", - деді ол.
Төрт баланың анасы Жадыра Аяпбергенова жаңа баспанаға ризашылығын білдіріп, оны шаңырақтың жаңғыруының символы деп бағалады. Алдағы күндері тағы 32 отбасы да жаңа баспананың кілтін алады.
Жалпы, Болат Өтемұратовтың компаниялар тобы Қазақстандағы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін шамамен 12,5 миллиард теңге бөлді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!