Ақтөбе облысында ірі заңсыз схема әшкере болды: 5 адам ұсталды

Ақтөбе облысында цифрлық активтер айналымы саласында заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқан, қылмыстық жолмен келген кірісті заңдастырған ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған басшылық ету дерегі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ұйымдастырушы міндетті тіркеусіз және лицензиясыз цифрлық активтермен операциядан табыс табу схемасын ұйымдастырған. Схеманы іске асыру үшін рөлдер нақты бөлінген, иерархиясы бар тұрақты топ құрылған.

Қатысушылар дропперлерді іздеумен, олардың атына банк карталарын, криптовалюта биржаларында парақша рәсімдеумен, қаржылық операция жүргізумен және кейін қаражатты қолма-қол ақшаға айырбастаумен айналысқан.

"150-ден аса дроппердің банк карталарына түскен қаражат ATAIX биржасындағы криптоәмияндарға аударылған. Цифрлық активтерді өткізу бойынша операция сомасы 3,5 млрд теңгеден асты. Тінту барысында 46 ұялы телефон, 92 банк картасы, сондай-ақ, 25 463 USDT көлеміндегі криптоактив тәркіленді", - деп жазылған ҚМА хабарламасында.

Бес күдікті қамауға алынған. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!