- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтөбе облысында пойыз...
Ақтөбе облысында пойыз автотасығыш жүк көлігін соғып кетті
Фото:
polisia.kz
Ақтөбе облысында жұмысшы пойызы мен жүк көлігі соқтығысты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
"20 ақпан сағат 15:50 шамасында Самара – Шымкент трассасының "Жазық" теміржол өткелінде жол апаты болды. Автокөлік жүргізушісі өткелде бағдаршамның тыйым салу сигналына өтіп, жұмыс пойызымен соқтығысқан", - делінген хабарламада.
Салдарынан көлік жүргізушісі зардап шекті.
Жол апатының себебі анықталып жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан