- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтөбе облысында полиция...
Ақтөбе облысында полиция департаментінің лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу басталды
Ақтөбе облысында полиция департаментінің лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
"Ақтөбе облысы полиция департаменті Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлеріне ақшалай қаражатты төлеудің бұзылуы туралы ақпарат келіп түсті. Осы факті бойынша аудиторлық тексеру жүргізілді, нәтижесінде Мамандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері ұсталды", - делінген хабарламада.
6 маусымда Ақтөбе облысы полиция департаменті Өзіндік қауіпсіздік басқармасы мен лауазымды тұлғаларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы, 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Аталған лауазымды тұлғалар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан