Полицей аң аулау кезінде танысын атып жіберген, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Ведомство мәліметінше, Ақтөбе облысы Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасында ҚР Қылмыстық кодексінің 104-бабы 1-бөлігі (Абайсызда қазаға ұшырату) бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.
3 қыркүйекте Хромтау ауданының кезекші бөліміне полицей аң аулау кезінде танысын байқаусызда атып алғаны туралы хабарлама түскен. Ол демалыс күні танысымен аңшылыққа барған. Аң аулау кезінде байқаусызда өзіне тиесілі қарумен танысын атып алған, салдарынан ол оқиға орнында көз жұмған.
Күдікті ҚР Қылмыстық-процестік кодексiнің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!