Ақтөбе облысында Өзбекстанның екі азаматы құтқарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "ҚазАвтоЖолдың" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақтөбе облысының жол қызметкерлері республикалық маңызы бар М-32 "Самара-Шымкент" автожолында Өзбекстанның екі азаматын құтқарды. Кеше кешкі сағат 21:30 шамасында жолшылар төтенше жағдайлар қызметінің мамандарымен бірге автожолды патрульдеу кезінде жол жиегінде тоқтап тұрған ауыр жүк көлігін байқаған. Көлік техникалық ақауға байланысты оталмай қалыпты.
Жол қызметкерлері қиындыққа тап болған Өзбекстан азаматтарына барлық қажетті көмекті көрсетті.
Айта кетейік, соңғы 2 тәулік бойы облыста -38 градусқа дейін аяз күшейіп тұр.
"Республикалық маңызы бар автожолдарды пайдаланушылар, сіздерден, өзіңіздің және өзгенің қауіпсіздігі үшін ауа райы тұрақталғанша алыс сапарға шықпауды, жол қозғалысы шектелген учаскеде жол қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтап, жол қызмектерлерінің нұсқауларын мұқият орындауларыңызды сұраймыз", - делінген "ҚазАвтоЖолдың" хабарламасында.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз