- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтөбе облысында отбасына...
Ақтөбе облысында отбасына ренжіп, үйінен кетіп қалған балаға қатысты жаңа дерек шықты
Ақтөбе облысында жоғалып кеткен жасөспірім табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Polisia.kz-тің хабарлауынша, Алға ауданы Маржанбұлақ ауылының тұрғыны полиция бөліміне оның 14 жасар ұлы үш күн бұрын үйінен шығып кеткенін және әлі оралмағанын айтып арызданған.
Жоғалған адамды іздеуге полиция бөлімінің қызметкерлері, еріктілер және жергілікті атқарушы органдар жұмылдырылды. Жасөспірімнің баруы мүмкін жердің бәрі мен іргелес аумақтар тексерілді. Бірнеше мобильдік топ құрылды.
14 қыркүйекте жасөспірімді Ақтөбедегі автобустардың бірінде қала тұрғыны байқап, бұған дейін баланы іздестіру туралы хабарландыруды көрген соң бірден құқық қорғау органдарына хабарласқан.
Бала аман-есен табылып, отбасына оралды. Анасы полиция қызметкерлеріне алғыс айтты.
Жасөспірім үш күн бойы көшеде жүрген. Бала жақын адамдарына ренжіген соң үйден кеткенін айтты.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан