Ақтөбе облысында тұрғын үйден өрт шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өртсөндірушілер 15 адамды эвакуациялады.
Бүгін Ақтөбе қаласы Әбілқайыр хан даңғылындағы 9 қабатты тұрғын үйдің 1 қабаттағы кіреберісте балалар арбасы өртеніп кеткен.
ТЖМ күштері баспалдақ маршымен 15 адамды, оның ішінде 2 баланы эвакуациялады.
Өртсөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында өрт шағын алаңда сөндірілді.
Өрт туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!