• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Ақтөбе облысында оқушы тіскебасар әкеліп, бүкіл сынып ауруханаға түскен: мән-жай белгілі болды

Фото: Видео кадры

Ақтөбе облысында оқушылар жаппай улануына қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

18 ақпанда Қобда ауданында жергілікті мектепте төртінші сынып оқушылары уланып қалған болатын. Сол кезде сыныптың бүкіл оқушысы ауруханаға шұғыл түрде жатқызылды, яғни 10 жастағы 23 бала ауруханаға түсті. Көп бала сол күні кешке ауруханадан шығарылғаны белгілі болды.

Қазір инфекциялық стационарда тоғыз оқушы бақылауда, олардың екеуінің қызуы түспеген. Дәрігерлердің айтуынша, қалғандарының жағдайы қанағаттанарлық.

"18 ақпанда жедел жәрдем желісіне Қобыланды батыр атындағы орта мектеп оқушылары уланғаны туралы хабарлама түсті. Біздің жедел жәрдем шұғыл түрде барды. Анамнездерге, сауалнамаларға сәйкес осы сыныптың оқушысы дүкеннен қытайлық краб таяқшаларын сатып алғаны анықталды. Жеті оқушы жеген, қалғандарының өткір иіске байланысты жағдайы нашарлаған. Алдын алу мақсатында барлық сыныпты орталық аудандық ауруханаға жеткіздік", - деді Қобда аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Әлия Пернебаева.

Евгения Вагнердің айтуынша, қызы бұрын да осыған ұқсас тағамдарды сатып алған, бірақ дәмі басқаша болған. Әйел өнімнің нақты атауын білмейді, бірақ ол кез келген азық-түлік дүкенінде сатылатынын айтты.

"Қызым түске дейін "Анашым, дүкенге барсам бола ма?" деп сұрады. Оған ақша беремін, ол мектепте жеу үшін тәттілер сатып алады. Сол күні осы қытай тіскебасарын алған. Бұрын мұны емес, басқаларын сатып алатын. Сыныпқа апарып, ашқан, бәрінің жағдайы нашарлаған. Біреу тұншыққан, біреуінде бөртпе пайда болған, біреуінің көзі жасаурап, басы айнала бастаған. Мұғалім тез әрекет еткен. Дәмін татқандардың аузы күйген. Олар көп су ішкен. Кейбіреулерінің жағдайы жай иістен нашарлаған", - деді оқушының анасы.

Полиция оқушылардың жаппай улану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Кінәлілер анықталса, ҚК-нің 306-бабы "Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету" бойынша жауапқа тартылады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget