Ақтөбе облысында оқушы пышақ жарақатын алған. Оқиға Шалқар қаласында болған. Полиция соталды тергеп-тексеруді бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өңірдің Полиция департаменті мәліметінше, жәбірленуші Шалқар аудандық ауруханасына жеткізіліп, оған медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
"Күдікті анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті профилактикалық есепке қойылып, оның ісі аудан әкімдігі жанындағы комиссияда қаралады", - деді ПД өкілі.
Бұдан бөлек, кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндетін тиісінше орындамағаны үшін күдіктінің ата-анасының жауапкершілігі қарастырылады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова