Ақтөбе облысында мұғалім өлі табылды

Ақтөбе облысында мұғалім өлі табылды
Фото: Massaget.kz/Болат Айтмолда

Ақтөбе облысында мұғалім өлі табылды. Өңірдің Полиция департаменті өкілі оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Темір аудандық полиция бөлімі 2002 жылы туған азаматтың өліміне қатысты соталды тергеп-тексеруді бастаған.

"Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы анықталады. Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді", - деп жазылған Ақтөбе облысы ПД жауабында.

БАҚ мәліметінше, марқұм тарих пәнінің мұғалімі болған, оның денесі өзі тұрып жатқан үйден табылған.

Еске салайық, бұған дейін Атырау облысында оқушы өлі табылғаны хабарланды. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget