Ақтөбе облысында метаннан уланған екі жұмысшы қайтыс болды

Ақтөбе облысында метаннан уланған екі жұмысшы қайтыс болды
Фото: depositphotos.com

Қайғылы оқиға 16 тамызда Ақтөбе облысы Ембі қаласындағы "Ембі жылу" кәсіпорнында болды. Жұмысшылар метаннан уланып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, құтқарушылар кәріз-сорғы станциясынан екі адамның денесін шығарды. Олар 58 жаста. Тағы екі зардап шеккен адам жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді.

"Олар 46 және 53 жаста, метаннан уланып, Ембі аудандық ауруханасының соматикалық бөлімшеге жатқызылды. Жағдайы қанағаттанарлық", - деп хабарлады Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы аман қалғандар туралы.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 156-бабы "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу" бойынша тергеу басталды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан