- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтөбе облысында мал...
Ақтөбе облысында мал қырылып жатыр
Ақтөбе облысындағы Тоқмансайда мал қырылып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Ақтөбе облысында ірі қарадан қарасан індеті шығып, бір ауылда карантин жарияланды.
Алға ауданындағы Тоқмансай ауылындағы фермадан малды далаға шығаруға және жем-шөп тасуға тыйым салды. Мұндағы сиырлар 3-4 күн бұрын ауыздарынан су ағып, іштері ісіп құлай бастаған. Алғашқыда ветеринар мамандар мүйізді ірі қара уланған болар деп топшылапты. Зертханалық зерттеуден соң ғана сиырларға қарасан тигенін анықтаған. Бұл індет жұққан мал өліп тынады. Етін жеуге болмайды. Осыған дейін бір ай бұрын Ойыл ауданында да шаруа қожалығынан қарасан ауруы анықталып, карантинге жабылған болатын.
"Бүгінгі күнге шешім шығарылып, карантин қойылғаннан кейін соңғы бас мал қай күні өлді, содан бастап 14 күнді есептейді. Шектеу шаралары шыққаннан кейін бұл шаруашылықтан мал, ем-шөп, мал өнімдері шықпау керек, басқа жақтан келмеу керек", - дейді Ақтөбе облысы ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Бердімұрат Бекжанов.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина