Ақтөбе облысында локомотив пен пойыз соқтығысты

Ақтөбе облысында локомотив пен пойыз соқтығысты

5 наурызда сағат 10:20 шамасында Ақтөбе облысының Біршоғыр станциясында локомотив Бішкек - Самара бағытындағы жолаушылар пойызының тепловозымен соқтығысты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл дерек Қандыағаш станциясындағы Желілік полиция бөлімінің соталды тергеп-тексеруінің біріңғай тізіліміне Қылмыстық кодекстің 344-бабы 1-бөлігі "Темiржол көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу" бойынша тіркелген.

 

Зардап шеккендер жоқ. Қазір тексеріс жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова