Ақтөбе облысында қылмыс тіркелмеген 14 ауыл бар

Ақтөбе облысында қылмыс тіркелмеген ауыл саны 14-ке жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бұған дейін өңірде 6 аудандағы 10 ауылда кейінгі екі жылда қылмыс тіркелмегені хабарланған. Араға үш ай салып, қылмыс жасалмайтын ауылдардың қатары 14-ке жетті.

Олар:

  • Ырғыз ауданы Құрылыс, Шеңбертал, Жаныс би, Құйлыс ауылдары;
  • Алға ауданы Амангелді;
  • Мұғалжар ауданының Бұлақты, Миялыкөл ауылдары;
  • Темір ауданы Тасқопа ауылы;
  • Әйтеке би ауданы Ақкөл, Ақтасты, Толыбай, Қайрақты ауылдары;
  • Хромтау ауданы Тассай ауылы.
  • Мұғалжар ауданы Егіндібұлақ ауылдық округінің Бұлақты ауылында бүгінде 105 үйде 476 адам тұрады.

"Ауыл тұрғындарының ауызбіршілігі мен құқықбұзушылықтың болмауы көз қуантады. Бұл көрсеткіш - Егіндібұлақ ауылдық округінің әкімі Әлімжан Аңдақұлов пен округтің учаскелік полиция инспекторы Дастан Сақтағановтың тыңғылықты қызмет етуінің жемісі", - деп жазылған хабарламада.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!