Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы өзіне-өзі қол жұмсады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қайғылы оқиға кеше, 8 желтоқсанда болған. Бұл туралы Ақтөбе облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті растады.
Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаның әскери қызметке қатысы жоқ.
Себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Ақтөбе облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті әскери қызметшінің отбасы мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады", - делінген ведомство таратқан хабарламада.
Еске салайық, 23 қарашада Ақтөбедегі әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызметші күзет қызметін атқару кезінде бекітілген қарудан оқ атып, өзіне-өзі қол жұмсады.
Ал 14 қазанда Приозерскіде сарбаз әскери қызметінің аяқталуына екі апта қалғанда өзін атып өлтіргенін жазған едік.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз