Ақтөбе облысының Хромтау қаласындағы бес қабатты үйдің пәтерлерінің бірінде өрт шығып, құтқарушылар тұрғындарды эвакуациялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның хабарлауынша, икемді қосылатын газ шлангінің герметикаланбауына байланысты табиғи газдың өртенуі орын алған.
"Құтқарушылар 60 тұрғынды эвакуациялады, оның ішінде 15-і бала. Өрт сөндірушілер газды тез жауып, алаудың бетін қайтарды", - делінген хабарламада.
ТЖМ өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертті.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!