- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтөбе облысында қозғалыс шектелді
Ақтөбе облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды
Ақтөбе облысында республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Бұған ауа райының бұзылуы себеп болған.
"2024 жылғы 6 қарашада сағат 17:00-де Ақтөбе облысында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар Самара-Шымкент автожолының 776-965-шақырым аралығында (Ақтөбе қаласынан Қарабұтақ ауылына дейін) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады", - делінген хабарламада.
6 қарашада сағат 17:30-да республикалық маңызы бар Ақтөбе-Мәртөк-РФ шекарасы автожолының 23-64 шақырым аралығында ("ЭкоОйл" жанармай стансасынан "Лидер" жанармай стансасына дейін) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан