Ақтөбе облысында қоқыстан нәресте өлі табылды, - деп хабарлайды Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.
"23 қазанда Қарғалы ауданы полициясының кезекші бөліміне Бадамша ауылы маңы "Рождество - Дөң" тасжолы бойында орналасқан қоқыс полигонында қара полиэтилен пакетте шақалақтың денесі табылғаны туралы телефон хабарламасы түсті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді", - делінген полиция хабарламасында.
Дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 100-бабына сәйкес соталды тергеу амалдары басталып, баланың анасын анықтау бойынша жедел іс-шаралар жүргізіліп жатқаны айтылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!