Ақтөбе облысында 22 жастағы келінін зорлады деп айыпталған 53 жастағы ер адамға сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде Ақтөбе облысында келінін зорлады деген күдікпен 53 жастағы ер адам ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Мәліметке сүйенсек, зардап шеккен әйел 22 жаста, ол - ер адамның өгей баласының әйелі.
Кейін Ақтөбе облысы Полиция департаменті өкілі жағаұстатар жағдайға пікір білдіріп, Алға ауданының 22 жастағы тұрғынын зорлау дерегі бойынша күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын мәлімдеді.
Сотталушы кінәні мойындамаған. Сот оны сегіз жылға бас бостандығынан айырды.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!