Ақтөбе облысында қауіпті той кортежіне қатысқандар жауапқа тартылды

Ақтөбе облысында қауіпті той кортежіне қатысқандар жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг кезінде полиция қызметкерлері той кортежі жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны көрінетін видеоны анықтаған.

Кадрда көлік қозғалысы кезінде жолаушылар терезеден денесін шығарғаны, жүргізушілер телефон пайдаланғаны және қауіпсіздік белдігін тақпағаны көрінеді.

"Мұндай әрекеттер жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Видеоны зерделеу барысында Мұғалжар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері кортежге қатысқан көлік жүргізушілері мен жолаушыларды анықтады", - деп жазылған хабарламада.

Олардың барлығы қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Көліктердің бірі арнайы тұраққа қойылды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!