Ақтөбе облысында карантин жарияланды

Ақтөбе облысында карантин жарияланды
Фото: depositphotos.com

Ақтөбе облысында ірі қарадан қарасан ауруы шығып, карантин жарияланды. Ойыл ауданындағы шаруа қожалығының бірінде сиырлардан қаупті вирус табылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

Ветеринарлар Көптоғай ауыл округіндегі қожалыққа ғана әзірге шектеу қойған. Бұл қыстаққа мал кіргізіп-шығаруға тыйым салынды.

Күйдіргі жұқтырған төрт сиыр бірден арам қатқан. Бұл қауіпті індет тек ірі қарада кездеседі. Қарасан анықталған "Мәтжат" қожалығында қазір қырықтан аса аша тұяқты бар. Оны қорадан шығармай қамап ұстап отыр.

"Карантин жарияланды. Бүгінде эпидемияға қарсы мемлекеттік мекеме сауықтырып жатыр. Ауру белгілері: үш айдан үш жасқа дейінгі, яғни жас мал ауырады", - деді Ақтөбе облысы Ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Бердімұрат Бекжанов.

Еске салайық, бұған дейін Атырау облысында мал союға, тасуға қатаң тыйым салынды. Былтыр 20 қарашада "Асыл-Агро" шаруа қожалығының мал сою цехы аумағында өлген малдан сібір жарасы анықталғаннан кейін шаруашылық аумағына карантин енгізілді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget