Ақтөбе облысында жыл басынан бері 154 жол-көлік оқиғасы болып, 32 адам көз жұмған. Ал апаттан 200-ден астам адам жарақат алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы жағдайлардың көпшілігі жүргізушілердің жол ережелерін сақтамауынан, яғни жылдамдықты асыру, жолдың қарсы бағытына шығып кетуінен болған.
Сонымен бірге кейінгі кезде 7 орындық Toyota Alphard, Toyota Ipsum, Honda Elysion және Largus сияқты автомобильдер жол апатына жиі ұшырай бастаған.
Мысалы, бір күн бұрын Байғанин ауданында оқушылар мінген көлік апатқа ұшыраса, кеше 8 жастағы баланы көлік қағып кеткен.
Облыстық полиция департаменті тұрғындарды жол ережелерін сақтауға үндеді.
Кәмшат Сексенбай
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!