Ақтөбе облысында жолда иесіз жүрген жылқының кесірінен жол апаты болды

Ақтөбе облысында жолда иесіз жүрген малдың кесірінен жол апаты тіркелді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қанша жол апаты тіркелген? 

Соңғы уақытта еркін жайылымда жүрген мал саны көбейіп, автожолдарда апаттық жағдайларға себеп болуда. Жыл басынан бері облыс аумағында жолдарда қараусыз қалған жануарларға байланысты 11 жол-көлік оқиғасы тіркелді, оның ішінде 23 адам жарақат алды. Әсіресе түнгі мезгілде жолмен жүру оңай емес. Полиция қызметкерлері иесіз жүрген жануарларды арнайы айып тұрақтарына кіргізді. Облыс бойынша жануарларды уақытша ұстауға арналған 100 арнайы тұрақ бар. Жыл басынан бері бұл тұрақтарда қараусыз қалған 200-ге жуық жануар қамалды. 200-ден астам ірі қара иелеріне айыппұл салынды.

Атап айтқанда, 13 қазанда Renault Logan көлігінің 32 жастағы жүргізушісі шамамен 20.00-де Қобда ауданы Ақрап ауылының маңында жылқыны қағып кетті. Адам шығыны жоқ. Зақымданған автокөлік шығыны анықталып жатыр. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК 408-бабы бойынша мал иесіне қатысты әкімшілік іс қозғалды.

Мал иесі қалай жазаланады?

Қала маңындағы автокөлік жолдарында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін патрульдік полиция ротасы 47 патрульдік автокөліктің және жануарлардың макеттерін орнатты. Егер қандайда бір мал жол апатына себеп болса, иесіне 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!