- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтөбе облысында жол...
Ақтөбе облысында жол апатынан ресейлік қаза болды
Фото:
polisia.kz
Ақтөбе облысында тасжолда жол апаты болып, ресейлік қаза тапты, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция мәліметінше, 26 қыркүйекте түнгі сағат 1.50 шамасында Самара-Шымкент тасжолының 999-шақырымында, Аралтоғай ауылы тұсында Ресейдің 38 жастағы азаматы тізгіндеген Toyota Camry көлігі шұңқырға аударылып қалған.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан 34 жастағы жолаушы, Ресей Федерациясының азаматы оқиға орнында қаза болған. Ал 1983 жылғы екінші жолаушы Әйтеке би ауданы Орталық аудандық ауруханасының хирургия бөлімшесіне жатқызылған.
Жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеу басталған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова