Ақтөбе облысында жол апатынан Ресейдің екі азаматы опат болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
29 наурызда Ақтөбе-Астрахань автожолында, Қарауылкелді ауылының маңында КамАЗ жүк көлігінің жүргізушісі екінші жолдан бас жолға шығып, Datsun автокөлігімен соқтығысқан.
"Жол апаты салдарынан Datsun көлігінің 48 жастағы жүргізушісі және оның 49 жастағы әйелі, Ресей Федерациясының азаматтары оқиға орнында қайтыс болды", - деп хабарлады Ішкі істер министрлігінің Telegram-дағы каналында.
ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!