- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтөбе облысында жол...
Ақтөбе облысында жол апатынан мерт болған оралдық мұғалімдер диплом алуға бара жатқан
Ақтөбе облысындағы 4 адам мерт болған жантүршігерлік жол апатына қатысты жаңа деректер белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қайғылы оқиға 1 маусымда Самара – Шымкент тас жолында болған. Lada Largus-тың 27 жастағы жүргізушісі DAF жүк көлігімен соқтығысқан. Оқиға салдарынан Lada-ның үш жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Тағы төртеуі түрлі жарақат алып, ауруханаға жатқызылған.
Lada Largus көлігінде Батыс Қазақстан облысында жұмыс істейтін мұғалімдер болған, олардың үшеуі Оралдағы мектептерде қызмет еткен. Қалалық білім бөлімінің мәліметінше, қаза болғандардың бірі №47 орта мектепте дефектолог боп жұмыс істеген.
Кейінірек ауруханада 27 жастағы әйелдің қайтыс болғаны белгілі болды. Ол мекемеге жеткізілген соң жарты сағаттан соң көз жұмған. Ол сурдопедагог боп жұмыс істеген.
Мұғалімдер Ақтөбедегі университетте сырттай оқыған, диплом алуға жатқан. Олар жұмыстан өз есебінен демалыс алған.
Еске салайық, Ақтөбеде жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тапқанын хабарлаған едік.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан