Ақтөбе облысында жол апатынан 4 шетелдік қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
4 наурызда солтүстік айналма жолда КамАЗ бен Cobalt жеңіл автокөлігі соқтығысқан. Жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен үш жолаушы оқиға орнында қаза тапқан. Бәрі - Өзбекстан Республикасының азаматтары. Осы іске қатысты соталды тергеу басталған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!