- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтөбе облысында жол...
Ақтөбе облысында жол апаты жиілеп, полиция кезекке шыға бастады
Ақтөбе облысында жол апаты жиілеп, тәртіп сақшылары кезекке шыға бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Облыста жол апатынан жарақат алған бір науқас облыс орталығына жеткізіледі. Ал аман қалған тағы екі баланың жағдайы жақсы дейді дәрігерлер.
Сенбі күні Бестамақ ауылының маңында жол апатынан үш адам қаза тапқан еді. "ВАЗ" көлігі мен "Газель" бетпе бет соқтығысқан. Жеңіл көлік жүргізушісі мен алдыңғы орындықта отырған 65 жастағы жолаушы оқиға орнында мерт болды. Ал 15 жастағы жасөспірім жедел жәрдем көлігінде көз жұмды.
Ақтөбе облысындағы жолдарда апат жиілеп адам өлімі көбейген соң тәртіп сақшыларын трассаларға көптеп кезекшілікке шығара бастаған. Бірақ одан да пайда болмай отыр.
Соңғы жол көлік апатынан аман қалған екі бала Алға ауданы ауруханасында емделіп жатыр. Ал ауыр жараланған 36 жастағы жолаушыны ота жасау үшін облыс орталығына жеткізетін болды.
"Алға ауданы ауруханасында екі бала жатыр. 16 жастағы және 6 жасар бала. Жағдайы қалыпты. Есін біледі. 36 жастағы науқас жансақтау бөлімінен ортақ палатаға ауыстырылды. Қазір көпсалалы облыстық ауруханасына ауыстырылуға дайындап жатыр. Жағына, бетіне, басына ота жасалады", - дейді Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының өкілі Жадыра Қабиболлаева.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина