Ақтөбе облысында жоғалып кеткен әйел өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлері 25 ақпанда жедел-тергеу іс-шаралары кезінде 29 жастағы күдіктіні анықтап ұстады, оның көлігінен пышақ жарақаты бар, зорлық белгілері бар жоғалған әйелдің мәйіті табылды.
Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы "Кісі өлтіру" бойынша соталды тергеу басталды.
Қылмыстың мән-жайы анықталып жатыр. Күдікті қамауға алынды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!