Ақтөбе облысында жоғалған 10 жастағы баланы бүкіл ауыл, құтқарушылар іздеп жатыр

Ақтөбе облысында ұшты-күйлі жоғалған бала іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

29 наурызда кешке Мартөк ауданы полиция бөліміне 2016 жылы туған бала жоғалғаны туралы хабарлама түскен.

Алдын ала мәлімет бойынша бала суға құлап кетуі мүмкін.

"Іздеу жұмыстарына полиция қызметкерлері, құтқарушылар (соның ішінде сүңгуірлер), ұшқышсыз ұшу аппараттары, кинолог, арнайы техника және тікұшақ жұмылдырылды. Тұрғындар мен әскери қызметшілер де тартылған. Елек өзені катерлермен тексеріліп жатыр", - деді Мәртөк ауданы полиция бөлімінің бастығы Мұрат Омарғалиев.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз