- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтөбе облысында жасырын...
Ақтөбе облысында жасырын есірткі қойып кетуші қылмыс үстінде ұсталды
Ақтөбе облысында жасырын есірткі қойып кетіп жүрген адам қылмыс үстінде ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Ақтау қаласының 25 жастағы тұрғынынан жеке тінту барысында одан ішіне ұнтақ зат салынған 23 орама тәркіленді. Әрі қарай жалдамалы пәтерді тінту кезінде ұнтақ заты бар 18 орама табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген заттың салмағы 42 грамнан асатын пирролидиновалерофенон (альфа-PvP) синтетикалық есірткісі. Бұл 600-ге жуық бір реттік доза.
Есірткі заттарын заңсыз сатып алу және сақтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық заңнамада есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз сақтағаны, тасымалдағаны, жөнелткені не өткізгені үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауаптылық көзделген.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина