- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтөбе облысында жантүршігерлік...
Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан шетелдіктер қаза тапты
Ақтөбе облысында жол апатынан шетел азаматтары қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
21 маусымда сағат 8:15 шамасында Қобда ауылы маңында Самара-Шымкент тасжолының 631-шақырымында шетелдіктер жол апатына ұшырады.
Hyundai Starex автокөлігінің жүргізушісі, Тәжікстан Республикасының азаматы рөлді тізгіндей алмай, көлікті аударып алған. Салдарынан екі жолаушы, оның ішінде 15 жастағы кәмелетке толмаған қыз оқиға орнында қаза тапты. 6 адам Қобда ауданының ауруханасына түрлі жарақаттармен жеткізіліп, онда 2 адам, оның ішінде 1 кәмелетке толмаған бала қайтыс болды.
Алдын ала болжам бойынша, жүргізуші көлікті шаршаңқы күйде басқарған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова